$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Рудныйдағы колледж асханасында 70-тен астам студент тамақтан уланды

10 студент ауруханаға жатқызылды

Рудныйдағы колледж асханасында 70-тен астам студент тамақтан уланды
Фото ашық дереккөзден

Рудный қаласындағы колледж асханаларының бірінде 70-тен астам студент тамақтан уланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы емдеуге жатқызылған студенттердің жағдайын айтты. Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханада уланған. Зардап шеккендер жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып қаланың медицина мекемелеріне жүгінген.

«Студенттер ауруханаға жаппай шағымданып барған. Жағдайлары негізінен жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне қайтарды», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, ведомство 10 студенттің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.


 

 

Серіктес жаңалықтары