$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Банк ЦентрКредит Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу туралы келісімге келді

Мәміле жасалғаннан кейін банкте ребрендинг жүреді

Банк ЦентрКредит Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу туралы келісімге келді
Фото ашық дереккөзден

«Банк ЦентрКредит» Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ны сатып алу туралы келісімге қол жеткізді. Мұндай ақпарат «Альфа-Банктің» желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Банк ЦентрКредит» 100% жай акцияларды сатып алып, «Альфа-Банк Қазақстанның» жаңа акционері болады. «Альфа-Банк» АҚ акционерлер құрамынан толықтай шығып, директорлар кеңесінен өз өкілдерін қайтарады», - деп жазылған «Альфа-Банктің» желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, хабарламада мәміле жасалғаннан кейін банкте ребрендинг жүретіні айтылған.

«Қабылданған шаралар банктің АҚШ пен бірқатар басқа елдердің санкциялар тізімінен шығуына ықпал етеді. Осылайша, бұл жеке және заңды тұлғаларға арналған банктік қызметтердің толық спектрі бар бүтіндей қазақстандық банк болады. «Банк ЦентрКредит» депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін өз қаражаты есебінен қосымша өтімділікпен банкті қолдауға, сол арқылы клиенттер үшін қалыптасқан жағдайды жедел шешуге дайын», - делінген.

Серіктес жаңалықтары