$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы марафонында рекорд жаңарды

Желаяқтар жарысына 28 елдің спортшылары қатысты

Алматы марафонында рекорд жаңарды

Алматы марафонында рекорд жаңарды. Жарысқа 5,5 мың спортшы қатысты. Пандемиядан кейін өткен марафонға 28 елден спортшылар келген. Шетелдік қатысушылардың көпшілігі ТМД елдерінен бөлек Ұлыбритания, АҚШ, Австралиядан да арнайы келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Елімізде өтетін марафондар әлем сайыстарының картасына түсіп, халықаралық іс-шаралар деңгейдегі шыққанына өте қуаныштымын. Бұл – ішкі туризмге серпін ғана емес, сырттан келетін туристтер үшін де тартымды шара», - деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры және жарысты ұйымдастырушы Салтанат Қазыбаева.

Абсолютті есепте Мәскеуден келген марафоншы жеңімпаз атанып, рекорд жаңартты. Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ринас Ахмадеев 21 км қашықтықты  1 сағат 5 минут 11 секундта жүгіріп өтті.

«Мұндай іс-шаралар қазақстандық және шетелдік туристердің назарын аударады. Сондықтан соңғы бірнеше жылда осындай іс-шаралардың ұйымдастырушыларын барынша қолдауға тырысып жүрміз. Мысалы, Business Media Central Asia көрме холдингімен және «Бірінші болу – батылдық» қорымен бірлесіп, осы жылдың маусым айында елордада «Qazaqstan Live Fest» іс-шарасын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Kazakh Tourism ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

Kazakh Tourism баспасөз қызметінің хабарлауынша, Qazaqstan Live Fest – Қазақстан үшін туризм, спорт және белсенді өмір салтына арналған жаңа шара. Фестиваль аясында 2022 жылдың 19 маусымында алғашқы астаналық Nur-Sultan Half Marathon жартылай марафоны бастау алады. Марафонның мәресі мен сөресі «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді.

Серіктес жаңалықтары