19.04.2022, 21:26
Жаңалықтар
Қарағандыда 64 жастағы ер адам балконнан құлап мерт болды
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Қарағанды қаласында 64 жастағы ер адам өзі тұратын пәтердің балконынан құлап, қайтыс болды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, зейнеткер Ермеков көшесінде тұрған.
18 сәуір күні кешкі сағат 18:00-дің шамасында төртінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап, сол жерде көз жұмды.
"Ер адам сол үйде өзі тұрады. Балконнан құлап, мерт болды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Сондай-ақ, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат