СҚО-да сотталған адам есірткі жұтып түрмеге кірмек болған

Azattyq Rýhy

Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады

СҚО-да сотталған адам есірткі жұтып түрмеге кірмек болған
Фото ашық дереккөзден

СҚО-да сотталған есірткі жұтып түрмеге кірмек болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ЕС-164/3 мекемесіне жазасын одан әрі өтеу үшін келген сотталғандарды қабылдау кезінде толық тінту және жеке заттарын тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 24 жастағы Н. есімді сотталғанның асқазанынан түйіншек табылды, онда ерекше иісі бар өсімдік тектес зат болды. Сараптамаға сәйкес, алынған зат – салмағы 2,57 грамм болатын “марихуана”. Сотталған Н. асқазанында есірткі затын Петропавл қалалық орташа қауіпсіздік мекемесінде заңсыз пайдалану үшін өткізуге ниеттенген. Бұл затты табу сотталғанға толық тінту жүргізу кезінде ғана мүмкін болды. Мекемеге келгеннен кейін сотталған адам іш киіміне дейін жалаңаштанып, құндылықтар мен бағалы заттарын тапсыруы тиіс. Дене бітімін тексеру үшін сотталған адамға қылмыстық-атқару мекемелерінің қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес аяқтарын иық енінен бөлек қою және 10 ретке дейін отыру ұсынылады. Мұндай тінту барысында 24 жастағы сотталғаннан марихуана табылды.

Мекеме қызметкерлерімен жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталған факті СҚО бойынша ҚАЖД қарасты ЕС-164/3 мекемесінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Есірткі заттарымен заңсыз айналысқаны үшін сотталған Н.-ға қатысты Петропавл қаласының Полиция басқармасы ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы баптың санкциялары 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі қылмыстық жауаптылықты көздейді.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.