ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус: Ухань тұрғындарына қаладан шығуға уақытша тыйым салынды

Вирустан осы уақытқа дейін 17 адам көз жұмды 

Фото: ашық дереккөзден

Қытай билігі коронавирустың өршуіне байланысты Ухань қаласы тұрғындарына қаладан кетуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды South China Morning Post. 

«Ухань қаласынан автобустар, әуе рейстері мен пойыздар уақытша жолға шықпайды. Бұл тыйымның қанша уақытқа жалғасатыны әзірге белгісіз. Ухань қаласының әуежайы мен вокзалдарында жолаушылар жіті тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада.   

Соңғы мәліметтер бойынша, вирус Қытайдың 25 провинциясында таралған. «Жалпы 571 адамның жұқтырғаны расталса, олардың 95-і ауыр халде, ал 17 адам қайтыс болды», - деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті. 

Өткен тәулікте Қытайдың 24 провинциясы мен қаласында вирусты тағы 131 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Және 8 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың барлығы 65 жастан асқан қарт адамдар.