$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Семейде бес мыңға жуық пәтер салынады

Бұл туралы Семей қалалық құрлыс бөлімінің басшысы айтты

Биыл Семейде бес мыңға жуық пәтер салынады
Фото: egemen.kz

Биыл Семейде жалпы көлемі 449,3 мың шаршы метрді құрайтын 4 967 пәтердің құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жалпы құны 57,8 млрд теңге. Олардың ішінде көппәтерлі тұрғын үй – 75, несиелі – 38, екеуі сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үй, коммерциялық үйлер – 35. Сонымен қатар жеке инвесторлар және тұрғындар есебінен жеке тұрғын үй құрылыстары жоспарланып отыр. Бұл туралы Семей қалалық құрлыс бөлімінің басшысы Сұңғат Аманбеков айтып берді.

«Құрылыс басқармасымен Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орынға және Водный кентінде 600 орынға арналған екі мектептің жобасы, сонымен қатар мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде тағы үш балабақша құрылысының жобасы әзірленіп отыр. Қарағайлы ықшам ауданында 320 орынға арналған балабақша құрылысы жоспарлануда, инвесторы – «Сәт Транс» ЖШС. Жобаның алдын ала құны – 1 270,0 млн теңге. Жоба әзірленуде.

Сондай-ақ Восход кентінде 140 орынға арналған балабақшаның құрылысы жоспарда бар. Инвесторы – «Фирма Азия» ЖШС, алдын ала есеп бойынша жобаның құны – 800,0 млн теңге. Бұл жобада әзірленуде. Бобровка кентінде 320 орынға арналған бала-бақша бой көтеретін болады. Инвесторы – «Салқынбаева А.М.» ЖК, жобаның құны – 1 270,0 млн теңге», – деп мәлімдеді Сұңғат Аманбеков.

Сонымен қатар, биыл құрылыс басқармасымен Ұшақтар кентінде 210 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша «ИНСОН» ЖШС меморандум жасау қарастырылуда.

Серіктес жаңалықтары