«7-20-25» бағдарламасына бөлінген қаржының 466 млрд теңгесі қалды
Бағдарлама халықтың барлық санатына арналған

18 сәуірдегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасымен 1 триллион теңгенің 534 млрд теңгесі жұмсалған. Ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру лимит таусылғанша жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бағдарламаның резервінде тағы 466 млрд теңге қалды. Бұл туралы Қазақстанның тұрақты даму қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие тек бастапқы нарықта жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға беріледі. Ипотекалық несиелердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында берілді – 14 232, жалпы сомасы 212,3 млрд теңгені құрады. Алматыда 127,5 млрд теңгеге 8 912 несие, Шымкентте 33 млрд теңгеге 2 843 несие рәсімделді», - делінген хабарламада.
Ипотекалық бағдарламаның шарттарымен баға шегі белгіленді. Сатып алынатын мүліктің бағасы мынадан аспауы керек:
- Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңындағы аудандарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 млн;
- 20 млн теңге – Қарағанды қаласы;
- 15 млн теңге – басқа аймақтарда.
«7-20-25» бағдарламасы халықтың барлық санатына арналған. Жеке баспанасы жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми расталған кірісі бар кез келген азамат ипотека ала алады.