$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Парламент биыл таратыла ма

Заң жобасына өзгерістерді 1 маусымға дейін енгізу көзделіп отыр

Парламент биыл таратыла ма
Фото: egemen.kz

Парламент сайлауын жаңа жүйе бойынша өткізу үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажет. Заң жобасына өзгерістерді 1 маусымға дейін енгізу көзделіп отыр. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифинг кезінде айтты.

Қанат Мусин журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Парламенттің таралуы қаншалықты мүмкін екендігіне тоқталып өтті.

«Заңдарды осы жылдың аяғына дейін қабылдау көзделген. Тек осы заңдар күшіне енгеннен кейін Парламентті жаңа сайлау нормасымен қайта сайлауға болады. Дегенмен Заң бойынша қазіргі Мәжілістің мерзімі 5 жылға дейін, яғни 2026 жылға дейін құзыреті бар. Оны тарату немесе қайта сайлау үшін Мемлекет басшысының шешімі керек. Ол үшін мен жауап бере алмаймын», - деді Қанат Мусин.

Серіктес жаңалықтары