$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Конституциялық Кеңестің төрағасы қызметіне кандидатураны келісу құқығы Сенатқа беріледі – Қанат Мусин

Енді Президент Сенатта Сенаттың 15 депутатының орнына тек 5 депутатты сайлайды

Конституциялық Кеңестің төрағасы қызметіне кандидатураны келісу құқығы Сенатқа беріледі – Қанат Мусин
Фото: Egov.kz

Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар саны қысқарады.Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында Сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды. Жаңа жүйенің қалай жүзеге асатыны жөнінде Әділет министрі Қанат Мусин ОКҚ-дағы брифинг кезінде баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады, қазіргі уақыттағыдай сайламайды. Яғни, енді Президент Сенатта Сенаттың 15 депутатының орнына тек 5 депутатты, ал қалғанын қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерін білдірілуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы белгілейтін болады. Нәтижесінде Мемлекет басшысының өкілді органның жоғарғы палатасын құруға қатысуы айтарлықтай төмендейді», - деді Қанат Мусин.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы Президенттің Жоғары Сот Кеңесінің құрамын құруға қатысты өкілеттіктері өзгеретінін де атап өтті. Қазіргі қолданыстағы Заңға сәйкес Президент өзі Жоғары Сот Кеңесінің құрамын қалыптастырады, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің төрағасын тағайындайды.

«Енді Президент Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу құқығын Парламент Сенатының депутаттарына беруді ұсынды. Бұл ретте Жоғары Сот Кеңесінің құрамын қалыптастыру заңмен айқындалатын болады», - деді Мусин.

Серіктес жаңалықтары