$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Президентінің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтыны мәлім болды

Президент туыстарының қатарына кімдер жатады

Қазақстан Президентінің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтыны мәлім болды
Фото: Sputnik

Мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарға орналасуына Конституциялық деңгейде тыйым салынады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин ОКҚ-да өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство басшысы өз баяндамасында жақын туыстар қатарына кімдер жатқызылғаны және Президенттің жақын туыстары қандай лауазымдарды атқара алмайтыны туралы нақтылады.

«Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамада жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгіленеді», - деді ол.

Өз кезегінде, Президент Жарлығымен Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар жатқызылған.

«Бізде квазимемлекеттік секторға мемлекет қатысушы болып саналатын ұйымдар жатады. Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мысалы, Президенттің ағасы, әпкесі, балалары «Самұрық-Қазына» немесе «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызметке орналаса алмайды», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары