Бүгінгі ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Azattyq Rýhy

Республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін

 

Фото: classpic.ru

Синоптиктер 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Қазақстанның оңтүстік, орталық, солтүстік өңірлеріне Оңтүстік циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр жауады. ҚР оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады. Республиканың қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман түседі», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Түркістан облысында күндіз батыста, оңтүстікте, таулы, тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғады, таңертең және күндіз солтүстікте, облыстың батысында – шаңды дауыл, солтүстікте, батыста, таулы, тау бөктері аудандарында – 15-20 м/с жел күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Күндіз Жамбыл облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жел 15-23 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Атырау, Қостанай облыстарының батысында, түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.