ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов қамаудан босатылды

Azattyq Rýhy

Сот Жоламановтың бірқатар ауыр сырқаттары бар екенін ескерген

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов қамаудан босатылды
Фото ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов қамаудан босатылды. Бұл туралы Семей қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Семей қаласының №2 соты азамат Ж. өтініші бойынша жазаны өтеуді шартты жазаға ауыстыру туралы материалдарды қарады. Оның заңда белгіленген жаза мерзімінің бір бөлігін өтегенін, жазаны өтеу кезінде өзін жақсы жағынан көрсеткенін, іс жүргізу шығындарын төлегенін, сот үкімі бойынша азаматтық талап қоймағанын, жазасын өтеу кезінде 19 көтермелеуі бар екенін, жазаны өтеу мерзіміне қосымша ақы аударылғанын, сондай-ақ осы мекеменің қоғамдық өміріне және тәрбиелік шараларына белсенді қатысқанын ескере отырып, жазаны толық өтеудің қажеті жоқ деп ұйғарды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2015 жылғы 6 наурыздағы үкімімен Н.А. Жоламановтың мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын және 2025 жылғы қазанда ғана бостандыққа шығуы тиіс екенін еске салды. Бірақ сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Сотталушының адвокаттары сотталушының өтінішін қолдады. Мекеме өкілі де қарсы болған жоқ. Семей прокуроры да Н. Жолдамановтың өтінішін қанағаттандыруын өтінген.

«Сот келесі негіздер бойынша азамат Ж-ның шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп тапты. Жоғарғы Соттың 02.10.2015 жылғы №6 нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес және сипаттамалық деректерді ескере отырып, сот оны оң өзгерістер ретінде түзету және жазаны одан әрі өтеу үшін негіз жоқ деп бағалады. Сондай-ақ бірқатар ауыр сырқаттары бар екенін де ескерді», - деді қалалық сот.

Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.