15.04.2022, 02:40
Жаңалықтар
Қостанайда 330 бала мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көмектен қағылған
Қостанай қаласының прокуратурасы аз қамтылған отбасыдан шыққан балалардың құқығын қорғады
фото: kg.manas.news
Талдау барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы оқушылар кеңсе тауарларын толық көлемде алмағаны, ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия құралдары берілмегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай қаласының прокуратурасы енгізген қадағалау актісі бойынша білім және жұмыспен қамту бөлімдері осы бағыттағы жұмысты қайта қарады.
«Мемлекеттік органдардың жауабына сәйкес, балалар мемлекет кепілдік берген әрі заңнамада көрсетілген азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтарын, сондай-ақ жазу құралдарын алды», деп көрсетті Қостанай қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты