$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Атырау» ӘӘК Үкімет бекіткен басым қызмет түріне жатпайтын жобаларға жер телімін берген

Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның заң бұзғанын анықтады

«Атырау» ӘӘК Үкімет бекіткен басым қызмет түріне жатпайтын жобаларға жер телімін берген
фото www.gov.kz сайтынан

«Атырау» ӘӘК Үкімет бекіткен басым қызмет түріне жатпайтын жобаларға жер телімін берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрғын үйлер, моншалар, көлік жуу орындарын, яғни инвестициялауға жататын Үкімет бекіткен басым қызмет түрлерінің тізіміне енбеген нысандарды салу үшін жер телімдерін бергені анықталды.

Осыған байланысты «Атырау» ӘКК-не ҚР-ның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды. Ол күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуы тиіс. Орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган тексеру тағайындайды.

Серіктес жаңалықтары