Бүгінгі ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Azattyq Rýhy

Еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

uvsn.info

Синоптиктер 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Еліміздің батыс бөлігінде циклонның ықпалы әсерінен, сондай-ақ фронталдық бөліктердің өтуімен ҚР оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. ҚР территориясының қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етуімен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз найзағай ойнап, тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.