$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жаңа экологиялық автобустар жолға шықты

Биыл қосымша газбен жүретін 250 автобус сатып алынады

Алматыда жаңа экологиялық автобустар жолға шықты
фото Алматы қ. әкімдігінен

Алматының қоғамдық көлік паркі газбен жүретін 105 жаңа экологиялық таза және жайлы Golden Dragon автобустарымен толықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жақын арада тағы 45 автомобиль жеткізіледі. Биыл экологиялық таза көлік үлесін 50%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Сыйымдылығы 90 адам Евро-5 экологиялық класты едені төмен, үш есікті автобустар кондиционермен, бейнебақылау камераларымен, аялдамалардың автоматты дауыстық хабарландырумен, жүргізушінің шаршағанын тіркейтін датчикпен, бейнетіркегішпен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен және басқа да опциялармен жабдықталған», деп көрсетті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 300 жаңа автобус алатын болады.

Серіктес жаңалықтары