Сбербанкте рәсімделген кредиттердің бір бөлігі Halyk Bank-ке өтеді

Azattyq Rýhy

«Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Е.Теңізбаев қарыздарды қайта табыстау банк секторындағы қалыпты тәжірибе және әдеттегі рәсім деп көрсетті

фото: vlast.kz

Halyk Bank және «Сбербанк» АҚ ЕБ келісімге қол қойды, оның шеңберінде цессия шарты бойынша бөлшек бизнес клиенттерінің кредиттік портфелінің бір бөлігі сатып алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қазақстан даму банкіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәміле Қазақстан Даму Банкінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша ресімделген автокредиттердің бір бөлігін, кепілсіз кредиттердің, кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға арналған қарыздардың және ипотекалық кредиттердің бір бөлігі кіреді. Берілген кредиттер бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 330 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ тұтынушылық қарыздарының кредиттік қоржыны 1,1 трлн теңге.   

«Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан барлық мемлекеттік ақшаны, оның ішінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары бойынша берілген ақшаны қайтарды. Несие портфелінің бір бөлігін беру қаржы саласында кең таралған тәжірибе. Клиенттердің басқа банкке ауысуы еш қиындықсыз шешіледі. Біздің серіктес банк үшін бұл несие портфелін ұлғайту мүмкіндігі. Біз өз кезегімізде осы мәміледен клиенттеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша өтімділікті аламыз», - деді Сбербанк Қазақстан басшысы.

 «Бүгінгі таңда Halyk Bank-ке жеке тұлғалардың қарыздары бойынша берешек қалдығы аударылды және бұл мерзімі кешіктірілмеген және проблемалық кредиттерсіз сапалы портфель екенін атап өткен жөн. Өз тарапымыздан біз Сбербанктен Halyk-қа үздіксіз көшу үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз еттік», - деп атап өтті Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.