13.04.2022, 14:35
Жаңалықтар
Алматыда бірнеше көшеге жаңа атау берілді
Бүгін қалалық мәслихатта атауы жоқ көшелерге атау беру туралы ұсыныстар енгізілді
Фото: time.kz
Бүгін Алматы қаласының әкімдігі мегаполистегі атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша қажетті материалдарды Алматы қаласы мәслихатының қарауына енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алатау ауданы «Нұркент» шағын ауданындағы:
- жобалық атауы 1-көше – Аднан Мендерес көшесі;
Бостандық ауданы «Ерменсай» шағын ауданындағы:
- жобалық атауы 2-көше – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
- жобалық атауы 4-көше – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
- жобалық атауы 5-көше – Шолпан Жандарбекова көшесі;
Бостандық ауданы «НұрАлатау» шағын ауданындағы:
- жобалық атауы 12-көше – Ғазиза Жұбанова көшесі;
- жобалық атауы 13-көше – Кәкімбек Салықов көшесі;
Бостандық ауданы «Нұрлытау» шағын ауданындағы:
- жобалық атауы 6-көше – Роза Жаманова көшесі;
Медеу ауданындағы:
- жобалық атауы 2-көше – Тимофей Седельников көшесі;
- жобалық атауы 7-көше – Мәшһүр Жүсіп көшесі;
Медеу ауданы «Алатау» шағын ауданындағы:
- жобалық атауы 14-көше – Лев Гумилев көшесіне атауын беруін ұсынды.
Алматы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көп оқылған
10.04.2026, 15:38
Алматы облысында 15 жастағы қыз баланы 8 ер адам екі ай бойы зорлаған: екі күдікті ұсталды
10.04.2026, 10:48
Қызылорда облысының тұрғыны бір түйе үшін бес жылға сотталып кетті
10.04.2026, 17:30
«Тапқанымыздан жоғалтқанымыз көп»: Ақан Оңғарұлы археология саласының біз білмейтін қырлары туралы айтты
10.04.2026, 13:59
Тоқаев өлген адамның ағзасын 24 сағат бойы «тірі» ұстап тұратын құрылғы бар екенін айтты
10.04.2026, 13:12
«Әдейі ерте айтып отырмын»: Тоқаев Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін хабарлады
10.04.2026, 11:30
Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар жауады