$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2020, 15:42
Жаңалықтар

Шымкент полицейлері электронды хаттама толтыруды білмейді

Қалалық әкімшілік сот пен прокуратура Шымкент полицейлеріне хаттаманы дұрыс толтыру бойынша семинар өткізіп жатыр

Шымкент полицейлері электронды хаттама толтыруды білмейді
фото: kapital.kz

Өкен жылы Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты құзырлы орган қызметкерлері тарапынан кеткен қателер үшін 122 әкімшілік іс бойынша жеке қаулы шығарған. Бұл туралы Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Әбдімүтәліп Бектұрғанов мәлімдеді.

Ә.Бектұрғановтың сөзіне сенсек, 122 қаулының 90 пайызы полиция инспекторларына шығарылған. Өйткені, шымкенттік полиция өкілдері әлі күнге дейін хаттаманы дұрыс толтыруды білмейді екен. Салдарынан азаматтардың құқығы бұзылып жатады.

«Бізге ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчидиден министрлік пен полиция департаменттері 100 пайыз электронды хаттамаға өтті деген хат келген. Сосын бізге істер келе бастады. Тексеріп көрсек, полицейлердің көбі хаттама толтыруды білмейді екен. Фамилиясы жазылмаған, кімнің атына толтырғаны белгісіз. Хаттамада оқиғаны баяндап жазуы керек, оны да жаза алмайды. Учаскелік инспекторлар да, жол патрульдік полиция инспекторлары да өз аты-жөнін әзер жазады. Ұят. Содан біз семинар өткізіп, түсіндіріп айттық. Оны тексеретін прокуратура қызметкерлері. Оларды шақырып, «мыналарды үйретіңіздер, семинар өткізіңіздер» деп екі ай уақыт бердік. Бірақ әлі де көп қате жібереді. Сондай қате жібергендердің үстінен жеке қаулылар шығарып жатырмыз», - дейді Әбдімүтәліп Елікбайұлы БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Сондай-ақ полицейлер хаттама толтырғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңың баптарын жазғанмен, тармақтарын көрсетпейді екен. Мұндай жағдай құқық бұзушылыққа заңдық тұрғыда дұрыс баға беруді қиындатып, судьялар істі қайта саралауға мәжбүр болады.

Арай Есенбек, Шымкент

Серіктес жаңалықтары