$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада кепілдегі көлікті сатып жіберген ер адам анықталды

Ол Nissan Maxima көлігін 1,3 млн теңгеге бағалаған

Қызылордада кепілдегі көлікті сатып жіберген ер адам анықталды
фото Polisia.kz сайтынан алынды

Қызылордада кепілдегі көлікті сатып жіберген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Жәбірленушінің арызы бойынша ол Nissan Maxima көлігін 1,3 млн теңгеден астам ақшаға сатып алған. Құжаттарын рәсімдеу мақсатында ол өзіне сатылған көліктің қаржы ұйымында кепілде тұрғанын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын нәтижесінде осы іске қатысы бар облыс тұрғыны ұсталды», деп көрсетті ҚР Ішкі істер министрлігінің медиа орталығы.  

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, үйіне босатылды.

Серіктес жаңалықтары