Павлодар мұнай - химия зауыты басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Зауыт шикі мұнайды қайта өңдеу жұмыстарын орындауға жоғары баға белгілеген

Павлодар мұнайхимия зауыты басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның басшылығымен «Павлодар мұнай - химия зауыты» ЖШС қызметін ведомствоаралық тексеру шеңберінде 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады.
«Монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады. 2022 жылғы 31 наурызда Экономикалық тергеу департаменті 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша «ПМХЗ» ЖШС басшылығына қатысты (қылмыстық іс қозғалды) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді», деп жазылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.