$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында 18 жастағы бойжеткен пойыздың астына түсіп қаза болды

Ол пойыздың алдына жүгіріп шыққан

Қарағанды облысында 18 жастағы бойжеткен пойыздың астына түсіп қаза болды
Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды облысында 18 жастағы бойжеткен пойыздың астына түсіп қаза болды. Машинист тежегішті басқанмен үлгермеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылдың 10 сәуірінде сағат 18:30-да Қарағанды Сортировочная-Құлайғыр учаскесінде бойжеткен жүк пойызының алдындағы жолға жүгіріп шыққан. Машинист тежегішті шұғыл іске қосқанымен, қашықтықтың тым қысқалығы құрамды тоқтатуға және де адам басудың алдын алуға мүмкіндік бермеді. Қыздың аты жөні анықталды. Марқұм болған қыз бала 18 жаста.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пойызды бірден тоқтату мүмкін еместігін еске салады. Жылдамдығы сағатына 80 км кезінде машинистің тежегішті шұғыл қолданғанымен, пойызды тежеу жолы кемінде 900 метрді құрайды.

Теміржолшылар марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өздерінің, пойыз жолаушыларының өміріне қауіп төндірмеуін, теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары