Ұлттық экономика министрі азық-түлік бағасының не үшін қымбаттап жатқанын түсіндірді
Наурызда өсімдік майы 23,2%-ға және дәнді дақылдар 17,1%-ға қымбаттады

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі наурызда төмендеп 48,3 межесіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресей Федерациясына салынған санкцияларға байланысты логистикалық проблемалар себебінен шикізат пен материалдардың бағасы өскен.
«Украина мен Ресей Федерациясының арасындағы қақтығыс аясында экспорт көлемінің қысқаруы әсерінен наурызда өсімдік майы 23,2%-ға және дәнді дақылдар 17,1%-ға қымбаттады. Бұл – рекордтық өсуі. Мұндай өсім 1990 жылдан бастап ең жоғары деңгейде сақталып отыр.
Шикізат, жанар-жағар май, газдың қымбаттауы аясында Еуроаймақтағы инфляция наурызда алдын ала деректер бойынша 7,9%-ға дейін өсті, АҚШ-та – ақпанда 40 жылдық ең жоғары көрсеткішке жетіп, 7,9% болды. Ресейде инфляция наурызда 16,7%-ға дейін жеделдеді. Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай тауар жеткізілімі проблемаларының сақталуына, азық-түлік пен шикізат бағасының өсуіне, сондай-ақ теңге бағамының әлсіреуіне және геосаяси тәуекелдердің іске асуына байланысты биыл қолайсыз болады», - дейді Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров.