Елордада ауқымды санитарлық тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Azattyq Rýhy

Қаланың барлық ауданында коммуналдық қызметкерлер тазалық жұмысын белсенді жүргізуде

Фото: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметтері қалада санитарлық тазалық жұмысын жүргізіп жатыр. Асфальт, тротуарлар, жиектастар, көпір қоршаулары жуылады, ашық аумақтар қоқыстан тазартылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаланың барлық ауданында коммуналдық қызметкерлер тазалық жұмысын белсенді жүргізуде.

Жолдар мен тротуарлар жуылады, қоршаулар, жер асты өткелдері, жол белгілері өңделеді, қоқыс жәшіктері тазартылады және т.б.

«Ауқымды тазалау жұмысы қаланың орталық көшелерінде ғана емес, елді мекендерінде де жүргізіледі. Сарыарқа ауданы бойынша бұл жұмысқа 430-дан астам жол қызметкері мен 160 арнайы техника, Алматы ауданы бойынша 120 техника мен 360-тан астам жол маманы жұмылдырылды. Байқоңыр және Есіл ауданында тағы 250 адам мен 150 арнайы машина санитарлық тазалау жұмысымен айналысады», - делінген ақпаратта.

Саябақтар, гүлзарлар, алаңдар қоқыстан тазартылады, еріген қар суын сору, қоршауларды жуу, бояу жұмысы және өзге де
жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Коммуналдық қызметтер екі ауысымда жұмыс істейді. Сондықтан санитарлық тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.

Еске сала кетейік, 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында елордада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық айлығы және қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбіліктер өткізіледі.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.