Павлодарда жертөледе қару жасырған азамат ұсталды
Өңірде «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
Павлодар облысының тұрғыны қараусыз қалған ғимараттың жертөлесінде қару сақтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аққулы ауданының Шарбақты ауылына кіре берісте полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғынын тоқтатты. Оның спорттық сөмкесінен ИЖ-54 тегіс ұңғылы екі ұңғылы қарудың кесіндісі табылды. Ер адам Шарбақты ауылының қараусыз қалған ғимаратының жертөлесінде қару ұстағанын түсіндірді. Баллистикалық зерттеу тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар полицейлері заңсыз айналымнан 76 бірлік қару тәркілеген.