$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде доллар мен еуроны сатып алу кезіндегі ауытқу шегі белгіленді

Валюта сату мен сатып алу кезіндегі айырмашылық АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге болады

Елімізде доллар мен еуроны сатып алу кезіндегі ауытқу шегі белгіленді
фото: 7kun.kz сайтынан

«Айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу туралы» Ұлттық банк басқармасының қаулысы бүгіннен  бастап күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатпен уәкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегінің рұқсат етілетін мәндері бекітілді.

Шетел валютасын сату- сатып алу бағамының ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 15 теңге, еуро үшін – 20 теңге болып бекітілді.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды.

ҚР Ұлттық банктің бұл қаулысы биыл 31 наурызда қабылданған болатын.

Серіктес жаңалықтары