АҚШ қаңтар оқиғасына қандай баға берді?

Бұл туралы Мемлекеттік хатшысының орынбасары пікір білдірді

АҚШ қаңтар оқиғасына қандай баға берді?
Фото: egemen.kz

АҚШ қаңтар оқиғасын тергеуге қолдау көрсетіп отыр. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның Қазақстанға жұмыс сапары кезінде мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біз қаңтар оқиғасында болған жайтты қадағалап отырмыз. Болған жағдай үшін өз өкінішімізді білдіреміз. Бұл ретте тергеу жұмыстарының ашық, жариялы әрі түсінікті болуына назар аударамыз. Қазақстан үкіметі нақты кінәлілерді тауып жазаға тартуы керек деп есептейміз. Тергеу жұмыстары мен қолданған шаралардың барлығы Қазақстанның заңы аясында іске асуы керек деп санаймыз. Біз Қазақстанда адам құқықтарының орындалуын қадағалаймыз. Бұл «қаңтар оқиғасынан» кейін мемлекет басшылығы назар аударуы тиіс аса маңызды міндеттердің бірі болуы тиіс.

АҚШ пен Қазақстан арасындағы 30 жылдық қарым-қатынаста адам құқықтарын қорғау мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп отырмыз», - дейді  Узра Зея.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, екі ел арасындағы кездесуде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік мәселесі негізгі талқыланған тақырып болды.

«Бұл жиынға біздің тараптан құқық қорғау органдарының өкілдері қатысқанын атап өту керек. АҚШ тарапы жүргізіліп жатқан тергеудің барлығынан хабардар», - дейді Ақан Рахметуллин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.