$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері: АҚШ хатшысының орынбасары жауап берді

Оның айтуынша, Қазақстан – АҚШ үшін стратегиялық тұрғыда аса маңызды ел

Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері: АҚШ хатшысының орынбасары жауап берді
Фото: biz.censor.net

АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зея Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның сөзінше, кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында реформалар бойынша жоғары деңгейдегі диалог орнады.

«Менің айтқым келетіні, Қазақстан – АҚШ үшін стратегиялық тұрғыда аса маңызды ел. Өйткені Орталық Азиядағы тұрақтылық пен экономикалық өсімді қалыптастырып отырған мемлекет. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде көршілес елдермен және әріптестеріне өз мүддесін білдіреді. Бұл әрине жаһандық және әлемдік инвестиялармен тікелей байланысты.

Біз қазір бәріміз халықаралық кризиспен бетпе бет келдік. Ресей тарапынаның Украинаға әділетсіз қарым-қатынасының куәгері болып отырмыз. Осы жағдайға әлемдік қауымдастық шұғыл әрекет етті. Солардың ең ауқымдысы – Ресейге жан-жақтан салынып жатқан санкциялар. Бірақ Ресеймен тығыз байланыстағы одақтас елдерге зияны тиіп кетпеу жағы да қарастырылған. Бұл тізімге Қазақстан да қосылып отыр», - дейді Узра Зеян.

Оның айтуынша, АҚШ үкіметі Путинге қарсы санкциялар пакетін қабылдады. Оның ішінде бірқатар ресейлік азамат бар.

Серіктес жаңалықтары