«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ»: ҚР ҰҚК Қырғызстанда өлі күйде табылған сарбаз туралы

Azattyq Rýhy

Сарбаздың денесі 10 сәуірде табылды

«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ»: ҚР ҰҚК Қырғызстанда өлі күйде табылған сарбаз туралы

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанда өлі күйде табылған сарбаз туралы ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2022 жылғы 10 сәуірде ҰҚК Шекара қызметі 2 наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішовті іздеу барысында оның мәйітін тапты.

«Жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған, оның ішінде Бердішовтің келген туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шараларының елеулі кешені іске асырылды.

Мемлекеттік шекараны ықтимал кесіп өтуін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосы хабардар етілді.

Ү.ж. 9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады.

Ү.ж. 10 сәуірде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Ұ.А. Бердишовтың мәйіті табылды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады.

«Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ.

2022 жылғы 11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Ұ.А. Бердишовтың туғандары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта Шекара қызметі оларға барлық жағынан, оның ішінде жерлеу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қажетті қолдау көрсетуде», - деп хабарлайды ҰҚК.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Андас батыр» бөліміне әскери борышын өтеуге кеткен Ұлықбек Бердішев Қырғызстандағы тауда асылып қалған күйінде табылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.