10.04.2022, 09:57
Жаңалықтар
Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Бір аптада 174 мың адамнан вирус анықталған
фото ашық дереккөзден
Өткен тәулікте Қытайда 25 165 адамның коронавирус жұқтырған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Мемкомитеттің мәліметінше 23 815 адам симптомсыз, ал 1350 адамнан ауру белгілері анықталған.
Елде бір аптада симптомсыз ауырғандар саны 2,7 есеге көбейді. Коронавирус инфекциясы Шанхай мен солтүстік-шығыстағы Цзилинь провинциясында өршіп тұр. Вирус жұқтырғандардың 94 проценті аталған аймақ тұрғындары.
Пандемия басталғалы Қытайда 1,5 млн астам адам COVID-пен ауырып, 13,2 мың адам көз жұмды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
