ІІМ жыл басынан бері 8 есірткі зертханасын жойды

Azattyq Rýhy

Зертханалар ұйымдастырғаны үшін 16 адам ұсталды

ІІМ жыл басынан бері 8 есірткі зертханасын жойды
Фото ашық дереккөзден

ІІМ жыл басынан бері 8 есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, есірткіге қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін синтетикалық есірткілердің жаңа буынын анықтау бойынша жұмысты едәуір жандандыруға мүмкін болды. Нәтижесінде есірткінің жаңа түрлерінің айналымына бақылау орнату айтарлықтай жеңілдетілді. Осы түзетулер қабылданған сәттен бастап бақылаудағы тізімдерге осындай 115 зат енгізілді. Бұл шара наркодельдердің шетелдік синтетика контрабандасынан астыртын зертханалар жағдайында ел ішінде есірткі өндіруге қайта бағдарлануына байланысты уақытылы болды.

Заңнамаға түзетулер қабылданған сәттен бастап (2019 ж.) ішкі істер органдары 182 келі синтетика тәркілеп, 35 есірткі зертханасын жойды. ІІМ жыл басынан бері республика аумағында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасын жойды. Қолдануға дайын 33 келіден астам есірткі, оның ішінде 14 келіден астам синтетикалық есірткі, 19 келі қарасора және 165 литр прекурсор – есірткі өндіруге қажетті заттар тәркіленді. Зертханалар ұйымдастырғаны үшін 16 адам ұсталды.

Осылайша, тек Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері үш жасырын есірткі өндірісі жойылды. Ақпан айында полиция екі азаматты ұстады, олардан шамамен 2 келі мефедрон, 1400 LCD таблеткасы, 140 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткіні синтездеуге арналған зертханалық жабдықтар мен құралдар тәркіленді. Олар коттедж қалашығындағы жалға алынған үйде есірткі өндірісін жолға қойып, оларды қалада көтерме сатумен айналысқан. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде салмағы 1,2 келі болатын синтетикалық есірткі жасырылған 2 орын анықталып, жойылды. Осы факт бойынша барлығы 3 келіден астам синтетика алынды.

 Сол айда жедел әзірлеу барысында есірткі өндіруде тағы бір күдікті ұсталды. Тінту кезінде одан 12 келіден астам “синтетика” және тиісті жабдықтар тәркіленді. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған азамат өткен жылдың қараша айында “жасырып кетуші” болып жұмысқа орналасқан. Содан кейін жалға үй алып, мессенджер арқылы синтетиканың ірі партияларын сату үшін өзі есірткі өндірісін қолға алуды шешкен. Ұсталған адамнан 7 келіден астам пайдалануға дайын “Альфа-PVP” (жылдамдық) есірткісі және 10 литр ерітінді тәркіленді. Тінту барысында алынған зертханалық заттар – гигрометрлер, желдеткіштер; өлшеуіш стақандар, пластмасса елеуіштер, есірткі қалдықтары бар электрондық таразылар, респираторлар қылмыстық іс материалдарына қоса тігілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.