Ақмолада аудандық білім бөлімі 5 млн теңгенің оқу кабинетін 26 млн теңгеден сатып алмақ болған

Azattyq Rýhy

Департаменттің ұсынымдары енгізілгеннен кейін 241 миллион теңге үнемделді

Ақмолада аудандық білім бөлімі 5 млн теңгенің оқу кабинетін 26 млн теңгеден сатып алмақ болған
Фото ашық дереккөзден

Ақмолада білім бөлімі 5 млн теңгенің оқу кабинетін 26 млн теңгеден сатып алмақ болған. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандарының «Сатып алудың бірыңғай терезесі» веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесіне жүргізген мониторинг барысында анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Ведомствоның мәліметінше, бұл сервис мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік құрылымдардың сатып алуларының ашықтығы мен айқындығын арттырып қана қоймай, сатып алуды жоспарлау сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимде анықтауға мүмкіндік береді.

Департаменттің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 миллиард теңгеден астам, ал ағымдағы жылдың басынан бері 420 миллион теңгеден астам қаржы үнемделіпті.

«Мәселен, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы бастапқыда 67,4 млн теңге немесе шаршы метріне 22,3 мың теңге сомасына керамогранит плиткасын сатып алуды жоспарлаған, ал бір плитканың нарықтағы орташа бағасы - шаршы метріне 2500-10000 теңге шегінде өзгереді. Департаменттің араласуынан кейін 38,5 миллион теңге үнемделді. Сондай-ақ, Зеренді ауданының білім бөлімі жалпы сомасы 267,8 млн теңгеге немесе бірлігі үшін 26,7 млн теңгеге 10 оқу кабинетін сатып алуды көздеген. Осыған ұқсас тауарларды Көкшетау қаласының білім мекемелері орта есеппен 5-тен 10 миллион теңгеге дейін сатып алмақшы болған. Департаменттің ұсынымдары енгізілгеннен кейін 241 миллион теңге үнемделді», - деп хабарлады ведомстводан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.