$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада жыл басынан бері ПИК және МИБ-қа қызмет көрсететін 64 ұйымға 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Тағы 56 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елордада жыл басынан бері ПИК және МИБ-қа қызмет көрсететін 64 ұйымға 1,5 млн теңге айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері ПИК және МИБ-қа қызмет көрсететін 64 ұйымға үйлердің іргелес аумақтарын тиісінше тазаламағаны үшін 1 млн 545 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұдан басқа, орамішілік аумақтарды қардан, мұздан және қоқыстан уақтылы және тиісінше жинамағаны, қалдықтарды уақтылы әкетпегені үшін 56 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 млн 175 мың теңге айыппұл салынды. Нұр-Сұлтан қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзғандарды анықтауға бағытталған рейдтер жүргізіп отырады. Бұл құқық бұзушылық ҚР ӘҚБК 505-бабымен тіркеліп, оларға ескерту немесе айыппұл түріндегі жаза тағайындалады.


 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#айыппұл #ПИК