08.04.2022, 03:52
Жаңалықтар
“Үй алуға көмектесемін”: ақтаулық полицейлер тұрғындардың 19 млн теңгесін жымқырған күдіктіні анықтады
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Ақтаулық полицейлер үй алып беремін деп тұрғындардың 19 млн теңгесін жымқырған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласының Полиция басқармасына алаяқтық дерегі бойынша әйелді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қала тұрғындары ұжымдық шағыммен жүгінді. Ол 2018-2021 жылдар аралығында үй сатып алуға көмектесемін деп тұрғындарды алдап, 19 млн теңге көлемінде ақшаны жымқырып кеткен.
Аталған дерек бойынша Ақтау қаласы ПБ ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті анықталып, бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды