Елордада жолақы төлемеген жолаушыларға жыл басынан бері 12 млн теңге айыппұл салынды
Сәуір айының алғашқы күні-ақ 374 жолаушыға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері қоғамдық көлікте жолақысын төлемеген 32 мыңнан астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көліктік бақылау департаментінің (КБД) қызметкерлері жол ақысын төлемеген жолаушыларды анықтау бойынша күнделікті рейд жүргізеді. Кейбір азаматтар жолақыны тек КБД қызметкерлерін көрген кезде ғана төлейді. Мысалға биыл жыл басынан бері көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 32 252 фактісін анықтады», - дейді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің баспасөз қызметінен.
Хабарламада айтылғандай бүгінде 2080 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 12 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартылды.
Айта кетейік, сәуір айының бірінші күні ғана КБД полиция қызметкерлері 374 жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.