Қызметкерінің құқығын бұзған кәсіпорын басшыларына 27 млн теңгеден астам айыппұл салынды – министрлік

Azattyq Rýhy

Еңбек инспекторлары 3,2 мың жұмыскердің құқығы қорғалды

Қызметкерінің құқығын бұзған кәсіпорын басшыларына 27 млн теңгеден астам айыппұл салынды – министрлік
Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 230 кәсіпорнында 4,4 мың жұмыскердің алдында 866,4 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 134 нұсқама беріліп, 27 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 3,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 752,7 млн теңге төленді», - делінген ведомство хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.