Соңғы бірнеше жылда елімізде жиырмаға жуық колледж жабылған

Колледждердің жабылуына оңтайландыру мәселесі түрткі болған

 

Соңғы бірнеше жылда елімізде жиырмаға жуық колледж жабылған
CC0 / Pixabay

Қазақстанда соңғы жылдары қатарынан 18 колледж жабылған. Бұл  туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оспанованың айтуынша, колледждердің жабылуына лизенция емес, оңтайландыру мәселесі түрткі болған.

«Соңғы жылдары еліміз бойынша 18 колледж жабылды. Олардың жабылу себебі лицензиямен байланысты емес, колледждерді оңтайландыру мақсатында осындай шара қолданылды. Яғни, кейбір колледждің қызметін қайта қарау керек болды. Негізінен, бұл шара жеке колледждерге қатысты болды», - деді Насымжан Оспанова. 

Оның айтуынша, қазір білім бағдарламасын әзірлеуде колледждерге академиялық еркіндік берілген. Енді коллеждер өздерінің оқу бағдарламасын жұмыс берушімен, білім беру бағдарламасын нақты мамандық пен қажетті білім-білікті негізге ала отырып бірлесіп әзірлейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.