06.04.2022, 14:37
Жаңалықтар
Қаңтарда қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына пәтер беріледі
Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден
Қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына баспана беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Бүгінде нақты шешімдер бар. 19-дан 13-ке дейінгі жайттың нақты мәселелері шешілді – баспана берілді. Алты, оның ішінде Шекара академиясының курсанттарына қатысты облыс әкімдерімен жеке сөйлестім, мәселе 25 сәуірге дейін шешіледі. Мен әр әкіммен жеке сөйлестім, мәселе ерекше бақылауда», - деді Ералы Тоғжанов.
Еске салсақ, қақтығыстар кезінде Қарулы күштер қатарында қызмет еткен 19 азамат көз жұмған болатын. Осы уақытқа дейін 13 отандасымызға туған-туыстарына пәтер берілген.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды