Әскери-техникалық мамандықтарға даярлау туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Әскери-техникалық мамандықтарға даярлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Бұл өзгерістер өтеулі негізде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери-техникалық мектептің филиалдарында азаматтарды оқыту құнын калькуляциялауға, сондай-ақ статистикалық есептілік нысандарын ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен келісуге қатысты болып отыр.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен биылғы жылғы 20 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады.