$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Осыған байланысты шектеу шаралары қарастырылған

Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр
gov.kz

Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қала тұрғындарын оқиғаға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

6 сәуірде Алматының Түрксіб ауданында Спасская көшесі, 67 мекенжайы бойынша сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатыр.

«Жаттығулар барысында адам көп шоғырланатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп төнген кезде әрекет ету дағдылары пысықталады. Осы уақыт аралығында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтарды түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», -  делінген жедел штаб хабарламасында.

Штаб қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысатын тұлғаның заңды талабына бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары