$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда энергетикалық комбинатқа айыппұл салынды

Кәсіпорынға салынған айыппұл көлемі – 2 млн 450 мың теңге

Ақтауда энергетикалық комбинатқа айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Ақтауға суық, ыстық және техникалық су беріп отырған энергетикалық комбинат тұтынушыларға 70 млн теңгеге жуық қаражатты қайтаруы тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 1 сәуірде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өңірлік департаменті кәсіпорында жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде ыстық судың тарифіне шығындардың заңсыз қосылғаны анықталды. Өкілетті орган кәсіпорынға 2 млн 450 мың теңге айыппұл салды. Әрі артық төлемдерді кері қайтаруды міндеттеді.

«Қайта есептеуді қолданыстағы тарифті дифференциалдау арқылы кезең-кезеңімен жүргізетін боламыз. Өйткені бұл үлкен жұмыс. Әр тұрғынның артық төлемі жеке сәйкестендіру номері арқылы анықталатын болады. Бізге берілген ұйғарым орындалады», - деді энергетикалық комбинат басшысының орынбасары Руслан Бектемір.

Серіктес жаңалықтары