Ақмолада 200-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Azattyq Rýhy

Құқық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды

Фото ашық дереккөзден

Ақмолада 200-ден астам шетелдік Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдың басынан бастап Ақмола облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы 220 шетелдіктің ҚР азаматтығынан айырылғанын тіркеді. Мысалы, сәуір айында облыс аумағында қос азаматтығы бар азаматша анықталды. 54 жастағы құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды. ҚР Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” ҚР Заңының 3-бабына сәйкес республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды.

Егер қазақстандық басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды. Азаматтық саласындағы заңнаманы бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабында көзделген екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа не Қазақстанның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады. Қазақстан азаматтығын жоғалтқан адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны үшін жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.