$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны басталды

85 елдімекенге су кіру қаупі бар

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны басталды. Айыртау ауданындағы Бабық бұрлық және Ғ.Мүсірепов ауданында орналасқан Ақан бұрлық өзендері арнасынан асып, тасып жатыр. 85 елдімекенге су кіру қаупі бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін Солтүстік Қазақстанда күн райын күрт жылынып, +18 градусқа дейін жетті. Қыс бойы жиналған қарт қарқынмен еріп жатыр. Гидрологиялық жағдай 19 бекетте бақыланады. Оның 16-сы Есіл өзенінде орналасқан.  Мамандар тәулігіне 4 рет су қоймаларында мониторинг жүргізеді.

«Покровка және Новоникольск ауылдарында да Есіл өзенінің деңгейі көтерілуі байқалады. Сергеев су қоймасы 76 пайызға толды. Соңғы тәулікте оның деңгейі 2 сантиметрге көтерілді. Өткен жылғы осы кездегі көрсеткіш 85 пайыз болатын. Соңғы тәулікте облыстағы су қоймаларының деңгейі орта есеппен 18-20 сантиметрге көтерілді. Дегенмен биыл жағдай қалыпты, су тасқыны жылдағы мөлшерден көп болмайды. Сәуірдің 6-8 күндері түнде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Бұл қардың еруін аздап уақытша тежейді», - дейді «Қазгидромет» СҚОФ директорының орынбасары Наталия Левина.  

Қауіпті аймақтарда орналасқан 85 елдімекен бақылауға алынды. Онда 6 мыңнан астам адам тұрады. 

«Құтқарушылар су басу қаупі бар елдімекендерге аттанды. Әзірге бәрі тыныш. Жолдарды су шаю, қызыл судың тұрғын үйлерге кіру жағдайы тіркелген жоқ. Су елдімекендерге жетсе, жедел әрекет ету үшін полиция және Ұлттық ұлан бөлімшелерін қоса алғанда 475 адам, 134 техника дайын», - дейді СҚО Төтенше жағдай департаментінің маманы Евгений Журавлев.

Биыл қыс мезгілінде қар жылдағы мөлшерге сай түсті. Ал көктем жылдағыдан ерте келді. Соңғы тәулікте облыстағы өзен-көлдердің деңгейі орта есеппен 20 сантиметрге көтерілді.

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары