$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр астанада 239 мыңнан астам адам жолақы төлеуден  жалтарған

Жолақы төлемейтіндердің кесірінен компания бюджетіне 2 млрд теңге шығын келді

Былтыр астанада 239 мыңнан астам адам жолақы төлеуден  жалтарған
Фото ашық дереккөзден

Астана тұрғындары қоғамдық көлікке 90 теңгені қимайды.  Былтыр 239 мыңнан астам адам жолақы төлеуден  жалтарған. Оның  9 мыңы ғана айыппұл төлепті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Автобуста тегін жүретіндермен күрес өте төмен деңгейде жүргізіледі дейді жауаптылар.  Шығынның орнын толтыру үшін мүмкін кондукторларды жұмысқа қайта тарту керек шығар?  Бұл орайда түрлі ұсыныс бар.

"Зайчиктер" тек пойызда ғана емес кәдімгі қоғамдық көліктерде де көбейген. Электронды билет жүйесі бас қалада 2014 жылы енгізілсе де, халықтың еті оған әлі үйренбеген секілді.  

"CTS" мәліметінше, «қояндардың» кесірінен компания бюджеті жыл сайын 2 миллиард теңгені жоғалтады.  Жол ақысын төлемейтіндермен күресу шарасы ретінде мен IT университетінің студенттерін қоғамдық көлікте бақылаушылар ретінде жүруді ұсындым.  Олардың әзірлемелерінің көмегімен жол ақысын төлемейтіндерді анықтап, әрі қарай қудалау үшін олардың жеке басын анықтай алады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Талғат Қожахметов.

Қаладағы қоғамдық көліктерге жауапты компания да бақылаушылардың көбейгенін құптайды. Бірақ,  кондукторды қайтарудың қажеті жоқ, дейді. Айтуынша, ол - шығын.  Сондықтан бақылаушылар санын арттырып және олардың құзыретін кеңейтуді ұсынады.

 «Бүгін 869 автобус линияға шықса, әр автобусқа біз 869 полиция қоя алмаймыз ғой. Сол себепті жаңағы көлік бақылау департаментінің қызметкерлері жалақысын алып жатыр "CTS" компаниясынан. Олардың өкілеттігіне айыппұл салуға рұқсат беру керек деп санаймыз. Егер де айыппұл салмасақ нәтиже болмайды. Егер де кондукторларды алатын болсақ ол үлкен шығын, оларға да жалақы төлеу керек», - дейді "CTS" ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.

Қала тұрғындарының да көбісі  да кондуктордың болғанын қаламайды.  Өйткені, автобуста олар ары-бері жүріп,  адамға кедергі келтіреді, дейді. Ең оңтайлысы - карта немесе ұялы телефон арқылы төлем жасау екенін айтады.

Бірақ кейбір автобус жүргізушілері кондукторларды жұмысқа алуды қолдайды. Жолаушылардың немқұрайлығының салдарынан компания шығынға ұшырауы мүмкін. Бұл жаңа автобустардың санын көбейтуге де кедергі келтіріп отыр, дейді мамандар. Тағы бір проблема бар. Қоғамдық көлікті айдайтын жүргізуші жетіспейді. Шамамен 700 адам керек.  

Қазір қалада қоғамдық көлікпен жүретін адамдардың саны едәуір артқан. Сәйкесінше, бұл автобус санының көп болуын талап етеді. Жауаптылардың сөзінше, елордаға 400 жаңа көлік керек.

 

Серіктес жаңалықтары