03.04.2022, 15:11
Жаңалықтар
Ақтөбеде жүк көлігінің қатысуымен болған жол апатынан екі жолаушы қайтыс болды
Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбе облысында Lada жүк көлігінің астына кіріп кетті. Оқиға орнында екі адам қаза болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты Самара-Шымкент тас жолының 765 шақырымында болған.
"DAF-XS" жүк көлігінің 44 жастағы жүргізушісі "Батыс-Жер" кемпингінен шығып, жолдың қарсы бетіне түспекші болған. Ал маневр жасағанда артта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермеген.
"Сөйтіп, бұрылып жатқанда "Lada-21723" маркалы көлік артына соғылған. Жол апатынан екі жолаушы қайтыс болды, тағы біреуі Ақтөбе қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді", - деді полицейлер.
Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды