$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында су тасқыны жағдайы қиындады – ТЖМ

Өңірлерде жедел штабтар жұмыс жүргізуде

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында су тасқыны жағдайы қиындады – ТЖМ
ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысына Төтенше жағдай министрлігінің қосымша күштері мен құралдары жіберілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

​«Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан еліміздің барлық өңірлерінде су тасқыны жағдайы қиындады. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жағдай күрделі. Елімізде қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс жүргізуде. Батыс Қазақстан облысына еріген қар суын шығару үшін Маңғыстау облысынан қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Олардың жалпы саны 43 адам, 4 бірлік техника мен 6 су сору құралы. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Шалғын кентінде және Бөрілі ауданының Қызылтал ауылында 37 жеке тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанды еріген қар суы басты. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері 87 адамды қауіпсіз жерге ​ эвакуациялады. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінен 1 млн 156 мың м3 қар шығарылды.Тұрғын үйлер мен аула аймақтардан 57 мың текше метр еріген қар суы сорылды. Павлодар облысында Рождественка ауылындағы 2 жеке тұрғын үй еріген қар суы басты. Бүгінгі күні тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан 56 500 м3 еріген қар суы сорылды, елді мекендерден 795 мың м3 қар шығарылды», - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Министрліктің мәліметінше Ақтөбе облысында 47 аула аумақты еріген қар суы басты. Елі мекендерден 345 мың м3 қар шығарылды. Тұрғын үйлер мен аула аумақтардан 5 808 м3 еріген қар суы сорылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында 8 автожол учаскесінде еріген қар суы тасып жатыр. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 1 республикалық маңызы бар автожол учаскесі​ мен 15 ​ жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскесін су шайды. Барлық учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ және жергілікті атқарушы органдардан барлығы 621 адам, 289 бірлік техника жұмылдырылды.


 

 

Серіктес жаңалықтары