$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын екі жасырын цех анықталды

Жасанды алкоголь өнімдерінің басым бөлігі антисанитарлық жағдайда әзірленген

Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын екі жасырын цех анықталды
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын екі жасырын цех анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Түркістан облысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілі алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын екі цех анықталды. Жасанды алкоголь өнімдерінің басым бөлігі антисанитарлық жағдайда әзірленген. Бұл тұрғындардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті.

«Танымал брендтердің алкоголь өнімдері табылып, тәркіленді. 3 мыңнан астам бөтелке, 3,5 мыңнан астам есепке алу-бақылау маркалары, 1 тоннадан астам спирт, арақтың танымал маркаларының этикеткасы, қаптама материалдары алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген агенттік хабарламасында.


 

 

Серіктес жаңалықтары