01.04.2022, 01:52
Жаңалықтар
Әлем чемпионатына қатысатын 29 команда анықталды
Әлем чемпионаты Катарда өтеді
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алған 29 құрама анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионатына тағы екі жолдамаға Солтүстік Америкадан Мексика мен АҚШ құрамалары қол жеткізді. Одан бұрын мұндай мүмкіндікке Канада құрамасы ие болған еді.
Еске салсақ, бұған дейін олардан басқа 26 құрама жолдама алып үлгерген еді. Олардың қатарында алаң иесі – Катар, Еуропа елдерінен – Германия, Дания, Франция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария, Нидерланды, Португалия, Польша, Оңтүстік Америкадан – Бразилия, Аргентина, Уругвай, Эквадор, Азия мемлекеттерінен – Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, Африкадан Камерун, Марокко, Тунис, Гана, Сенегал құрамалары бар.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)