$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2020, 10:51
Жаңалықтар

Қытайда коронавирустан төртінші адам қайтыс болды

Қазіргі таңда қалалық ауруханада жаңа үлгідегі вирусты жұқтырған 169 науқас жатыр

Қытайда коронавирустан төртінші адам қайтыс болды
Фоо: ©EPA-EFE/STR CHINA OUT

2019-nCoV коронавирустың жаңа түрін жұқтырған төртінші адам Ухань қаласында (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) қайтыс болды. Бұл туралы сейсенбі күні қалалық денсаулық сақтау комитетінің ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Төртінші болып қайтыс болған 89 жастағы ер адамнан жаңа коронавирустың белгілері 13 қаңтарда тіркелген. Бес күннен кейін, 18 қаңтарда, ол тыныс алуы қиындап, ауруханаға жеткізілген. Ал, 19 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:39-да көз жұмды.

Қазіргі уақытта Ухань қаласының ауруханасында жаңа үлгідегі коронавирус анықталған 169 науқас бар, олардың 35-і ауыр халде.

Дүйсенбі күні ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті жаңа түрдегі пневмонияның адамнан адамға берілетінін растады.

Серіктес жаңалықтары